22 Шілде, 2016

Ізгілендіру – ізгілік кепілі

484 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
22 07 - zakluchen Елімізде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуды жетілдіру қажет. Осыған орай кеше аталған мәселені кешенді шешудің стратегиясын талқылауға арналған халықаралық дөңгелек үстел болып өтті. Отырыс барысында «Пробация туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен жан- жақты талқыға түсті. Негізінен аталған халықаралық шараны Ішкі істер министрлігі, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа коми­теті, NI-CO, Ұлыбритания әділет министрлігі, Нидерланд пробация қызметі, Польша мемлекеттік сот өндіріс және прокуратура академиясы бірлесе ұйымдастырған. Басты мақсат – Еуропалық одақпен «Қазақстанда қылмыстық сот төре­лігін жетілдіру» жобасының қол­дауымен мемлекеттік органдар­дың ведомствоаралық жұмыс тобының еліміздегі бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация есебінде тұрғандарды әлеуметтік оңалтудың стратегиялық кешенді жобасын талқылау. Жиын барысында атап өтілгендей, жаңа Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда пробация қызметі құрылып отыр. Сөз реті келгенде пробацияны латыншадан аударғанда «сынақ» деген мағына беретінін айта кеткен орынды. Қазіргі кезде елімізде пробация­ның үкімдік және постпени­тен­циар­лық түрі бар. Осы тұрғыдан келгенде «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары еліміздің қыл­мыстық саясатын одан әрі қарай ізгілендіруге ықпал етуі тиіс. Шара­ны ашқан Ішкі істер министрі­нің орын­басары Рашид Жақыпов елі­міз­дің қылмыстық атқару жүйе­сін­де заңнаманы жетілдіру жолға қойылғандығына, сондай-ақ, халық­аралық стандарт­тарға жақын­дату арқылы сотталғандардың құқық­тары мен заңдық мүдделері жан-жақ­ты қорғалып келе жатқан­дығы­на ерекше назар аударды. Және де министрлік жанындағы ведом­ств­оаралық жұмыс тобы бас бос­тан­дығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту кешенді стра­тегиясын әзірлеу бойынша жұ­мыс жүргізіліп жатқандығынан да хабар­дар етті. Бұл ретте Мәжіліс депу­таты Светлана Бычкова әрбір елдің өзіндік пробация жүйесі қа­лып­тасатынын айта келіп, осындай тал­қылау пробация жүйесінің дамуына өзіндік үлес қосатынын да қаперге салды. Ал Президент Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары Қанат Сейдғапаров сот және құқық қорғау жүйесі қылмыстық процесс айыптыны жазалау арқылы әлеу­мет­тік әділеттілікті қалпына кел­тіру­ге ғана емес, сотталушының тү­зелуіне де ықпал етуі маңызды екен­­­дігін ерекше атады. Қазақстанда қыл­­мыс­тық сот төрелігін жетілдіру жөнін­дегі Еуропалық одақ жобасы­ның жетек­шісі Ирван Уильям еліміз­дегі түр­мелерді реформалауда көп­теген істер атқарылғандығына назар аудартты. Әсіресе, бас бостандығынан айы­ру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік оңалту­ маңызды. Олардың білім алуына, мамандық игеруіне, жұмыс­пен қамтуға, емдеуге, құқық­тық көмек көрсетуге жәрдемдесу қажет. Тарқатып айтқанда, бас бостан­дығы­нан айы­рылған адам колонияға түскен кезден бастап алғашқы он бес күн карантинге түседі. Сол кезде ол медициналық тексеруден өткізіліп, білім деңгейі анықталады. ҚАЖ комитеті төраға­сы­ның орынбасары егер сотталу­шының 28 жасқа келген шағында орта білімі болмаса, онда ол сол жерде орта білім алуға мүмкіндік алатынын, сонымен қатар, колонияларда кәсіптің 47 түрі бо­йынша оқытылатынын ортаға салды. Ал бостандыққа шығуға жарты жыл қалғанда сотталушымен үлкен өмірде не істеуі қажеттігі пысықталады екен. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»